Компания тарихы

1989 жылы Денсаулық сақтаудың Дүние жүзілік Ұйымының Еуропалық Аймақтық Бюросының қолдауымен (Копенгаген, Дания) Денсаулық сақтаудың халықаралық мектебі ұйымдастырылды. Кейін, 1991 жылы мектеп медициналық сақтандыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз етумен айналыса бастаған, Интертич Денсаулық сақтау және сақтандырудың Қазақ Корпорациясы болып қайта құрылды. 1995 жылы сақтандыру қызметін жүргізу құқығына лицензия алынды (СЗ № 0000001). Бұл Қазақстан аумағындағы алғашқы лицензия болды.

2001 жылы сақтандыру ұйымы сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету қызметін ажыратты, бұл Сақтандыру туралы заңның қабылдануымен байланысты болды. Өзіне Қазақстан Республикасында медициналық көмекті ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметтерді өзіне алған Интертич Медициналық Ассистанс компаниясы ұйымдастырылды.

200 астам компания Интертич корпорациясымен медициналық сақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуге жарт жасасты. Компания медициналық қызметтердің дамыған желісі арқылы медициналық қызмет көрсетудің барлық түрін көрсетеді. Интертичтің денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторымен ықпалдастырылған медициналық қызметі бар, онсыз Қазақстан, Қырғызcтан және Түркменстан аумағында мамандандырылған медициналық көмекті көрсету мүмкін емес. Желі 25 меншікті медициналық орталықтан, 13 өкілеттіктен, 340 аса мердігерлік клиникадан тұрады. Бұл емдеудің барлық үдерісін бақылауға, дәрігерлер біліктілігін арттыруға, медициналық қызмет көрсетудің тиімді сызбаларын жасауға мүмкіндік береді.

Интертичтің еуропалық ассистанттық компаниялар қатарымен берік қатынастары бар: Europe Assistance Group, Сoris-Rus, Прогресс Гарант, РОСНО, Ingosstrakh, Mondial Assistance, ЖШҚ "Савитар Груп, BUPA , Cigna, GMC Service, Aetna, Generali Group.

2013 жылы «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі Интертич сақтандыру компаниясына жоғары сенімділік рейтингін берді.

2013 жылы “Алматы қаласының Аймақтық қаржылық орталығы Рейтингілік агенттігі” АҚ Интертич сақтандыру компаниясына “Тұрақты” болжамымен А1 деңгейінде сақтандыру компаниясы тұрақтылығының ұзақ мерзімді рейтінгі мен Р1 деңгейінде қысқа мерзімді рейтинг берілді.

Интертич корпорациясы ұзақ жылдар бойы сақтандыру нарығында өз орнын сенімді ұстап тұр. Компания сақтандыру нарығына үлкен еңбегін қосып, және осы салада жетіле отырып, өзін тұрақты, сенімді және адал серіктес ретінде танытты.

 

 

КОРПОРАЦИЯ ИНТЕРТИЧ