Сұрақ - жауап

Телефон/электрондық пошта арқылы клиенттермен күнделікті жұмыс жасау барысында кездесетін стандартты сұрақтар мен жауаптар:

Менің сақтандыру карточкамның нөмірін айтыңызшы

Ол үшін, аты-жөніңізді айтуыңызкерек (деректерді база бойынша салыстырып тексеру үшін)

Сақтандыру бойынша не қамтылады?

Қамту көлемі медициналық сақтандыру келісім-шартында көрсетілген.

Интертич жедел жәрдемін қалай шақыруға болады?

Ол үшін, Интертич диспетчерлік қызметіне жүгіну қажет, Алматы бойынша – 3200-200

Тар шеңберлі маманның кеңесіне жүгіну үшін, отбасы дәрігерінен жолдама алу қажет пе?

Жоқ, Интертичтің тар шеңберлі маманына тікелей жазыла аласыз.

Сіздердің зертханаларыңыз қалай жұмыс істейді?

Зертхана күн сайын сағат 08:00-ден 10:30-ға дейін жұмыс істейді

Стоматология мен дәрі-дәрмек бойынша лимит қандай?

Лимит база бойынша қадағаланып отырады, ол үшін аты-жөнін және карточка нөмірін айту қажет

Сақтандыру бойынша дәрі-дәрмекті қалай алуыма болады?

Дәрі-дәрмек Интертич дәрігерінің дәріқағазы бойынша қамтылады

Мен қай стоматологияға жүгіне аламын?

Стоматологиялық қызметтерге Интертич клиникасында немесе мердігерлік клиникалар желісінде қол жеткізуге болады.

ШС полисін қайдан жаздырып алуға болады?

ШС полисін Интертич компаниясының кеңселерінде жаздырып алуға болады.