Серіктестерге

1. Банктерге

«INTERTEACH» Денсаулық сақтау және Медициналық сақтандырудың Қазақ Корпорациясының қаржылық және несиелік мекемелермен жұмыс жасаудың үлкен тәжірибесі бар және банктермен әр түрлі бағыттарда белсенді қызмет етеді.

 

Банктердің мүліктік мүдделерін сақтандыру

«INTERTEACH» Джәне МС ҚК АҚ кешенді сақтандыру бағдарламасының шеңберінде сақтандырудың мынадай түрлерін ұсынып отыр: банк мүлкін (көлік құралдарын қосқанда) сақтандыру, банк қызметкерлерін жеке сақтандыру (ерікті медициналық сақтандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, жұмыс берушінің АҚЖ қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін міндетті сақтандыру) және т.б. Біздің мамандарымыз осы бағыт бойынша Сіздің тілектеріңізді ескеріп, арнайы сақтандыру жобаларын әзірлеуге дайын.

 

Банк клиенттерін сақтандыру

  • Заңды және жеке тұлғалардың несиені қамтамасыз ету үшін кепілдікке тапсырылған мүлкін сақтандыру;
  • Лизинг мәні болып табылатын мүлікті сақтандыру;
  • Несиеге сатып алынатын автокөлікті сақтандыру;
  • «INTERTEACH» ДжәнеМС ҚК АҚ ілеспе сақтандыру өнімдерін жеке тұлғаларға – Банк клиентеріне Банк филиалдары мен бөлімшелерінде сату, оның ішінде:

    - Банк филиалдары мен бөлімшелері арқылы көлік құралдарының иелеріне АҚЖ полистерін сату; 

    - Банктің пластикалық карталарын ұстаушыларына сақтандыру өнімдерін сату (шетелге сапар кезіне сақтандыру).

 

 

2. Брокерлерге

Егер сіздің компанияңыз Қазақстан Республикасының қаржылық тәуекел мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінде (қазіргі уақытта Қаржылық нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі комитет) сақтандыру брокері ретінде тіркелсе, «INTERTEACH» Д және МС ҚК АҚ қызмет істеу үшін сізге қажет:

  • бізбен брокерлік шарт жасау;
  • біздің тарифтер жүйемізді және сақтандыру ережелерімізді зерттеу қажет .

Егер сіз заңды тұлға болып табылсаңыз, бірақ Қазақстан Республикасының қаржылық тәуекел мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша тіркелмесеңіз біз сізбен брокерлік шартты жасай аламыз.

Сізге біздің компаниямызбен қызмет істеу туралы барлық ақпаратты 8 (727) 3 200 206 телефон арқылы сақтандыруды дамыту жөніндегі бөліммен хабарласып алуға болады, немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз



3. Автодилерлерге

«INTERTEACH» Денсаулық сақтау және Медициналық сақтандыру Қазақ Корпорациясы тапсырма шарты бойынша сақтандыру брокерлерімен және агенттерімен қызмет етеді.

Ынтымақтастықты ресімдеу үшін:

  • бізбен тапсырма шартын жасау;
  • біздің тарифтер жүйемізді және сақтандыру ережелерімізді зерттеу қажет;

 

 

4. Лизингілік компанияларға

«INTERTEACH» Денсаулық сақтау және Медициналық сақтандыру Қазақ Корпорациясы дәл лизингілік компаниялар қызметіне бағдарланған сақтандыру қызметтерінің кең спектрі ұсынады:

  • автокөлікті сақтандыру
  • құрылыс техникасын сақтандыру
  • жылжымалы және тұрақты арнайы техниканы сақтандыру
  • жүк тасымалдауды сақтандыру
  • мүлікті от тәуекелдерінен сақтандыру
  • машиналар мен механизмдерді сынудан сақтандыру

 

 

5. Экспедиторларға

«INTERTEACH» Денсаулық сақтау және Медициналық сақтандыру Қазақ Корпорациясы агенттік шарттар негізінде экспедиторлық компанияларға ынтымақтастықты ұсынады.

Жүк тасымалдау үдерісінде жүкті толық жоғалтуға немесе ішінара бүлінуге әкелуі мүмкін тәуекел қатарына ұшырайды. Бұл кез келген компанияның қаржылық тұрақтылығына күрделі соққы, сондай ақ клиенттеріңіздің тарапынан сенімсіздікпен қарау себебі болуы мүмкін!

Жүк иесін жағымсыз қаржылық салдардан қауіпсіздендіру үшін сіз оған жүкті біздің компаниямызда сақтандыруға кеңес бере аласыз, және біз сақтандыру жағдайының басталу нәтижесінде пайда болған зиянджы өтейміз, сондай-ақ сізге агенттік шарт негізінде сақтандыру сыйақысынан сыйлық ақыны алуыңызға болады. 

«INTERTEACH» Д және МС ҚК АҚ ынтымақтастық үшін:

  • бізбен агенттік шарт жасау;
  • біздің тарифтер жүйемізді және сақтандыру ережелерімізді зерттеу қажет;

 

 

6. Туроператорларға

Басқа елге саяхат немесе іссапар бұл- Клиенттеріңізге тек жағымды ғана емес әсер беруі мүмкін жаңа ахуал. Ерекше климат, дәстүрлі емес тамақ ең сау деген ағзаның өзінде іркіліс себебі болуы мүмкін.

Сақтандыру полисі Сіздің туристік компанияңыздың клиенттеріне саяхат барысында пайда болуы мүмкін көптеген мәселені шешуге және болжанбаған қаржылық шығындардан аман қалуға жәрдемдеседі. Біз медициналық, көліктік немесе басқа қажетті көмектің көрсетіліп, төленгені үшін барлық жағдайды жасаймыз. Клиенттеріңіз үйден алыс болғанның өзінде де сабырлы және сенімді болады.

«Interteach» сақтандыру полистері шетелге шығатын, және Республикаға келіп жатқан, сондай-ақ Қазақстан ішінде саяхаттап жүрген азаматтардың әр түрлі санатына бағытталған.

«Interteach» туристік компанияларға туристерді сақтандыру бойынша икемді сақтандыру тариф жоспарларын ұсынады. 

сақтандыру түрлері:

  • шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру;
  • Қазақстан ішінде саяхаттайтындарды сақтандыру;
  • Қазақстан Республикасына келіп жатқан азаматтарды сақтандыру.

«Interteach» сақтандыру полисмінде жас шектеулері жоқ, ал есептеулер кезінде саяхатшылар санына, саяхатшылар жасына және сапар сипатына байланысты жеңілдіктер мен үстемеақылардың икемді жүйесі қолданылады.