Опция белсенді демалыс нәтижесінде туындайтын тәуекелдерге байланысты шығындарды өтейді.
Су аттракциондары мен аквапарктерге бару, оның ішінде бананмен сырғанау, суға секіру, кайтинг, серфинг, виндсерфинг, кайтсерфинг, парасейлинг және арнайы жабдықты пайдаланып судағы өзге де демалыс түрлері, 10 метрден аспайтын тереңдікте су астында жүзу (соның ішінде нұсқаушымен).
Қайықтармен (ескекті және моторлы), салдармен, шағын көлемді кемелермен және су скутерлерімен жүру.
Велосипедтердің барлық түрлерімен, мопедтермен, скутерлермен, роликтермен және скейтбордпен жүру.
Жылқымен, түйемен, пілмен және басқа жануарлармен жүру.
Трекинг, жаяу өрлеу және 30 метрден аспайтын биіктікте жартасқа өрмелеу, арнайы жабдықсыз үңгірлерге бару.